Ильяс Кабдырай - Саган гана


Казахские песни
28-01-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Әні:Бердіхан Қаныбеков
Сөзі:Саят Рахымжан

Көзің сенің жанымды,
Жылытар өшпейтін от па еді?
Саған беріп барымды,
Өзіме алайын оттегі.
Ешкімге ұқсамайсың,
Күлгенің де ең әдемі.
Табиғатың -сұлулық әлемі.

Қайырмасы:
Ешбір ару сенен,
Аса алмайды,
Сезімді өртенген,
Баса алмайды.
Жүректі кілттенген,
Аша алмайды.
Аша алмайды.

Көрем десең сезім
Маған қара.
Сүйгенім – бір өзің,
Алаңдама
Байлаулы тұр көзім,
Саған ғана,
Саған ғана.

Ерекшесің,
Өзгешесің,
Бәрінен.
Жаралғандайсың тек баурау үшін мені,
Сәніңмен
Білмеп едім,
Көрмеп едім, асқан сұлу бұл әлемнен,
Бір көргеннен,
Сүйгенім, өзің деп ем.

Ешбір ару сенен,
Аса алмайды,
Сезімді өртенген,
Баса алмайды.
Жүректі кілттенген,
Аша алмайды.
Аша алмайды.

Көрем десең сезім
Маған қара.
Сүйгенім – бір өзің,
Алаңдама
Байлаулы тұр көзім,
Саған ғана,
Саған ғана.