Еркебулан Аккерей - Бейтаныс кыз


Казахские песни
07-02-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Бейтаныс қыз, танысайық, ұялма,
Армандайық, берілейік қиялға.
Мүмкін тағдыр табыстырар сол сәтте,
Бізді бақыт күтіп тұрар жиі алдан.

Атыңыз кім, перизат қыз, жұмбақ қыз?
Періште қыз, бәрінен де қымбатсыз.
Сырласайық, мұңдасайық екеуміз,
Ақылыңды жүрегіңе тыңдатқыз.

Бейтаныс қыз, танысайық, қашпаңыз,
Сұлулықтың бетпердесін ашсаңыз.
Мұздап қалған мына жалғыз жүрекке,
Шұғыладан, нұрдан сәуле шашсаңыз.

Екеумізді сезім оты қармасын,
Махаббатым жүрегіңді барласын.
Бұл кездесу, бұл алғашқы тілдесу,
Әрі қарай махаббатқа жалғасын.