Шах Атажанов - Секретим


Казахские песни
10-05-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Lyrics: Бейсен Айнаш

Кейде қатал, қаттысың,
Жүрегіме батты шын,
Кейде сондай, көз тоймас, құлпынайым, тәттімсің.

Қиялымнан құралған,
Бұраң белі бұралған.
Тәңірімнен сұралған
Маған ғана бақпысың?!

Кереметім,
Менің ғана – секретім…мм

Қайырмасы:
Сұлуымсың, тұнығымсың,
Теңдесі жоқ, түр келбетің.
Ғажайыбым, көзайымым, сегізінші кереметім,
Күн нұрысың, қыр гүлімсің, шырынымсың ах шербетім.
Көзім ғана, өзім ғана сүйсінетін сен секретім.

Талғамымсың гүл шақты,
Қырсық мінез, бір тәтті.
Мені де жүр сұлулар,
Арман етіп мың шақты.

Жүрек сен деп селт етті,
Кербезім-ау келбетті.
Өзінше боп қалады өзі,
Жұмбақ жансың, секретті

Кереметім, менің ғана секретім…

Қ-сы
Сұлуымсың, тұнығымсың,
Теңдесі жоқ, түр келбетің,
Ғажайыбым, көзайымым сегізінші кереметім!
Күн нұрысың, қыр гүлімсің, шырынысымсың, ах шербетім.
Көзім ғана, өзім ғана сүйсінетін сен секретім.