Жандос Каржаубай - Досым


Казахские песни
12.08.2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Досым, мен бүгін ойладым анам жайлы,
Анам әлі де мен үшін алаңдайды.
Күнде ол мені іздейді таба алмайды,
Досым, досым.

Досым, мен бүгін ойладым әкем жайлы,
Әкем ауылда шөп шауып, малын жайды.
Ауылдың адамы қалаға бағынбайды,
Досым!

Тай мініп жаздай қуған арман,
Мектепте күзде шулап алған,
Шанамен қыста суға барған,
Сол бір кездер-ай.

Ешкімнің көрмей қиянатын,
Жүрекпен ғана сүйе алатын.
Сүйемін деуге ұялатын,
Мөлдір көздер-ай.
Сол бір кездер-ай

Досым, баяғы арулар ауылда ма?
Бірге жүргенбіз дауылда, жауында да.
Әлде біреуі әлі де жаныңда ма?
Досым, досым!

Досым, мен бүгін сағындым өздеріңді,
Шағын көшеде шалқыған кездерімді.
Біздің де үй жаққа салыңдар көздеріңді,
Досым.