Казыбек Курайыш - Бакытынды табасын


Казахские песни
20.08.2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Екенсің қазір қайда білмедім
Есімде сенің тек бір күлгенің
Бейтаныс менің танысым
Жақыным менен алысым

Өткен күн қателікке саналып
Кеткендей екеумізден балалық
Тек енді жаным түңілме
Себебі сірә түбінде

Бақытыңды табасың 
Жүрегіңнің жарасын
Әлі де емдеп аласың
Емдеп аласың

Бақытыңды табасың
Қуаныштан ғана шын
Күлетін өзің боласың
Әлі қарашы 

Келемін жасап келісім 
Жүрегімменен сен үшін 
Бақыт тап өзге деу үшін
Ұрысып кейде табысқан
Жандармыз сезіммен 
қаншама алысқан
Куә ғой бәріне көк аспан
Қош деймін өзіңе алыстан

Бақытыңды табасың 
Жүрегіңнің жарасын
Әлі де емдеп аласың
Емдеп аласың

Бақытыңды табасың
Қуаныштан ғана шын
Күлетін өзің боласың
Өзің боласың

Бақытыңды табасың 
Жүрегіңнің жарасын
Әлі де емдеп аласың
Емдеп аласың

Бақытыңды табасың
Қуаныштан ғана шын
Күлетін өзің боласың
Әлі қарашы