Qarakesek - Sahara


Казахские песни
07.10.2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Мен үйге кеш барамын
Үйге келсем, ешкім сұрақ коймайды
Ешкім сөйлемейді
Неге сөйлемейді маған?

Қараған көздер
Кінә тағады.
Кінәлап қарайды.

Жабамын - ашамын
Табамын - шашамын
Қашан қашамын?
Қайда менің тамашам?
(Атам барда бәрі нех**вый еді)

Көк жиектен көрініп
Көзіңе түскен күннің жарығын көріп
Көзің неге күлмеді?
Неге қуанбады?

Көктемде көктеп бүр жарып өскісі келген гүліңді неге суармадың? 

Сылдырлап тұрады, ыдыс - аяқтар
Ұмытып, сынақ екенін мына - Hayat-тың.
Әркім өз орынын білмей қалды,
Ұмытып оқыған Хадис - Аят тарын.

Есікті қатты жауып шығып кетсеңде
Жәймен ашып қайтып кіресің
Есікті қатты жаппа келесіде!

Біраз үнсіздіктен кейін, қасыңа барамын
Ия мен жаманмын
Сен - жақсы.
Бұл үйде сені бәрі жақсы көреді
Сен жақшы - отымды,
Сен басшы - мауқымды.

САХАРА да келе жатқандай шөлдедім
Шөлімді басшы, су беріп.
Шөлімді басшы
Неге берген суың ащщы?
Жасың араласкандай!

Қаракесек - Сахара