Mirasai, Sarauen - Сауыт


Казахские песни
05-06-2024
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Майданға сауыт киместен,
Садағың жауға тиместен,
Әу баста рухың шыңдалып,
Білектің күші мыңды алып,
Иыққа іліп өгізді,
Атадан қалған нық ізді,
Басуға сен де лайық бол,
Меңгеріп қылыш ақ жүзді,
Бірінші сауыт иманың,
Жаныңды елге қиғаның,
Жұлдыздай аққан өмірде,
Тек ілім болсын жиғаның,
Өсіріп текті ұрпақты,
Қиямет күні келгенше,
Тереңге кетсін тамырың,

Баянды болсын тұғырың,
Арналсын елге ғұмырың,
Жер үшін шейіт болсаң да,
Артыңнан Құран оқылып,
Нұрланып тұрсын қабырың,
Сұр бұлттар сырғып келгенде,
Судағы балық өлгенде,
Бөрілі найза көтеріп,
Дулыға, сауыт киілсін,
Сынақтан аман өтуге,
Айбарлы әскер жиылсын,
Тарихты мүлдем ұмытқан,
Өзегі жаудың қиылсын!

Майданға сауыт киместен,
Садағың жауға тиместен,
Әу баста рухың шыңдалып,
Білектің күші мыңды алып,
Иыққа іліп өгізді,
Атадан қалған нық ізді,
Басуға сен де лайық бол,
Меңгеріп қылыш ақ жүзді,
Бірінші сауыт иманың,
Жаныңды елге қиғаның,

Жұлдыздай аққан өмірде,
Тек ілім болсын жиғаның,
Өсіріп текті ұрпақты,
Қиямет күні келгенше,
Тереңге кетсін тамырың,