Kozhakhmet - Ойлан


Казахские песни
21-10-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Түнде мен өз өзімнен сұраймын
Көтіріліп көкке бірде қайтып құлаймын.
Кім досым кімге барып жылаймын
Тіршілікте жеңілдірме мені Құдайым

Болмады қасымда тіпті алыс жақыным
Бөледі екен пендені біраз шақырым
Уақыт өте өмір өте кедергілерден
Өте екенсің өзің ғана жәймен ақырын

Өмір өтер, уақыт өтер қас қағым
Көзіңді жұмсаң өтіп кетер жас шағың
Басты көтер, жаңа күнмен бастағың
Жаман әдеттің бәрін артқа тастағың

Жүре берме тіршіліктің қамымен
Әрекет қыл қолдағының барымен
Қасыңда кім жүргенін білмейсің
Сапасы жоқ бар әйтеуір санымен