Ибрагим Ескендир - Биргемиз


Казахские песни
24-03-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Сөзі: Сырым Әуезхан
Әні: Ибрагим Ескендір

Қиын қыстау қилы заманда,
Не болмаған байтақ даламда,
Тарихтағы талай боранда,
Мың жанып, мың өшкенбіз.
Қашап от пен суға түспедік,
Бақыт үшін бәрін істедік,
Бірлігіміз бойға күш беріп,
Сан сынақты кешкенбіз.

Күлтегінбіз, қаған Білгеміз.
Құламаған елміз мүлде біз.
Көк аспан мен көк ту астында,
Күн сөнгенше біргеміз.
Қыран қазақ бері, біргеміз.
Құламаған елміз мүлде біз.
Әлі бізде алар асу көп,
Бәріміз де біргеміз!

Жауған оқтан шықтық құламай,
Аштықтан да өттік жыламай,
Бәйтерек боп биік, сұламай,
Майыспадық, сынбадық.
Сынақ себеп емес кеюге,
Тек тазалық болса пейілде,
Қою қара түнек кейінде,
Таң атады нұрланып.