Дастан Оразбеков - Арман кыз


Казахские песни
05-06-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Көріп едім бір қызды алтынайдай нұр жүзді ғайып болды
Өкінемін өзімде таныспауым кезінде айып болды
Жасықпын-ау жасықпын, дей алмадым ғашықпын сол аруға
Бірден батып бой бұра жарамадым мойңыңа оралуға

Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күн-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсы
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызы

Аңсауменен келемін енді қашан көремін сол аруды
Көңілдерді қоса ма бақыт болып тоса ма алдан бізді
Жүрмін әбден сағына сол қызбенен тағы да кезігем бе
Сол сұлуды тапқанша мол қызыққа батқанша көз ілем бе

Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күн-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсы
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызы