Абдижаппар Алкожа - Гажапсын


Казахские песни
10-06-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Сағынсам сарылтатының үшін,
Жаһанды тарылтатының үшін,
Жазықсыз сабылтатының үшін, азапсың!
Жалғыз сен жұбататының үшін,
Жұбатып жылататының үшін,
Себепсіз ұнататыным үшін, ғажапсың сен!

Мезгілсіз сүйіп қалғаным үшін,
Сезімнен күйіп жанғаным үшін,
Өртеуде биік талғамың үшін, ғажапсың!
Қарасам қарамайтының үшін,
Жанымды жаралайтының үшін,
Мәжнүн деп табалайтының үшін, азапсың!

Ұмтылсам қашықтайтының үшін,
Үздіксем асықпайтының үшін,
Толқысам тасытпайтының үшін, жұмбақсың!!!
Халымды жаңа ұққаның үшін,
Мен үшін жан ауыртқаның үшін
Алаңдап, алабұртқаның үшін, қымбатсың сен!

Мезгілсіз сүйіп қалғаным үшін,
Сезімнен күйіп жанғаным үшін,
Өртеуде биік талғамың үшін, ғажапсың!
Қарасам қарамайтының үшін,
Жанымды жаралайтының үшін,
Мәжнүн деп табалайтының үшін, азапсың!