Казахские песни
24-09-2021, 14:29
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Көшірген соққан дауылдар,
Шалғайда қандас қауым бар.
Бәріңді қатты сағындым,
Баурмал қайран бауырлар.

Барайын десем бара алмай,
Жиылып жасым жанарға-ай.
Туысқан-туғандарыма,
Топырақ қалдым сала алмай.

Қайрмасы
Бабамның болған арманы-ай,
Бір бақыт күткен таңдар-ай.
Атамекенге мен келіп,
Ата-анамынң қалғаны-ай.
Отырам қалай ойламай,
Көңілсіз өткен тойлар-ай.
Шерменде қылып Қазақты,
Шекара бөліп қойғаны-ай.

Біреулер елге жетем деп, 
Біреулер қайта кетем деп.
Біреулер үнсіз күн кешті,
Бұйрған жерын мекендеп.

Армандап көңіл сенеді,
Кездескілер-ай келеді.
Амандық тілеп ол отыр,
Қолынан жалғыз келері.

Қайрмасы
Бабамның болған арманы-ай,
Бір бақыт күткен таңдар-ай.
Атамекенге мен келіп,
Ата-анамынң қалғаны-ай.
Отырам қалай ойламай,
Көңілсіз өткен тойлар-ай.
Шерменде қылып Қазақты,
Шекара бөліп қойғаны-ай.

Ағайын бауыр қасында,
Ақ дастарқанның басында.
Отырсаң шіркін арманым,
Болмайтын еді ау расында.

Іленің бақша бауынан,
Тарбағатайдың тауынан.
Ағылып керуен көш келсін,
Алтайдың арғы, алтайдың арғы жағынан.
Топырағың киелі,
Туған жер сені ай сағынам
Комментарии