85 CARAT - Айтшы жаным


Казахские песни
27-06-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Не болғаның маған айтшы
Көңілсіздік менде сондай
Сенде мені түсінсеңші
Сенсіз өмір сүру қандай
Жүруші едің көп сөйлемей
Кездесуге кейде келмей
Сонда да маған қымбатсың
Махаббат жоқ маған сендей

Айтшы жаным тек шыныңды
Түсінбедім мен сырыңды
Сұрап сенен өтінерім
Және арнап өз жырымды

Мен жоқта біреу сенің
Жүрегіңді жаралаған
Мен жоқта біреу сенің
Бар ойыңды мазалаған
Сенсіз өмір сүру маған
Өте ауыр және қиын
Бақытыңды тапсаң егер
Сала алмаймын саған тыйым

Айтшы жаным тек шыныңды
Түсінбедім мен сырыңды
Сұрап сенен өтінерім
Және арнап өз жырымды

Есіңде ме сол бір кездер
Қыдырушы ек айлы түнде
Ұмытсамда сол күндерді
Ұмытпаймын мәңгі өзіңді
Жерге тастап шын сөзімді
Тапсаң егер шын досыңды
Бақытты бол сүйгеніңмен
Босатамын мәңгі өзіңді

Айтшы жаным тек шыныңды
Түсінбедім мен сырыңды
Сұрап сенен өтінерім
Және арнап өз жырымды