Асан Абдралин - Сагыныш сазы


Казахские песни
13-07-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Сағыныш сазы сен едің
Ғашықтың бірі мен едім
Армандай асыл ақ гүлім
Өзіңді аңсап келемін
Арманым неткен көп еді
Асудай, асу бел еді
Жанымда ұйықтап жатсаң да
Түсімде сені көремін

Қысылып жаным, жүрегім күйіп
Жүре алмаспын жаным сені өзгеге қиып
Қарашы маған күлімдеп көзің
Жасыңды тиып, жасыңды тиып
Біреулер келер, біреулер кетер
Сонда жаным сен болмасаң қасымда егер
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер
Бәрі де бекер

Көзіңнен ыстық жас тамар
Көрмейді бірақ басқалар
Таусылса жасың егер де
Су алар мәңгі жас жаным
Қыз көп болса да өмірде сұлу
Бермейді бірақ жүрекке жылу
Ал менің болса бар арманым
Өзіңді жаным бақытты қылу

Қысылып жаным, жүрегім күйіп
Жүре алмаспын жаным сені өзгеге қиып
Қарашы маған күлімдеп көзің
Жасыңды тиып, жасыңды тиып
Біреулер келер, біреулер кетер
Сонда жаным сен болмасаң қасымда егер
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер
Бәрі де бекер