Адилет Жаугашар - Мамау


Казахские песни
07-03-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Тоғыз ай көтердің,
Өмірге әкелдің
“Балам” деп қалауымды өзің әпердің.
Қорғадың бәрінен қауіп пен қатердің.
Ана

Өзіңнен жаралдым,
Сүтіңнен нәр алдым.
Аллаға шүкір деймін дұрыс адаммын.
Адалмын, себебі мен сенің балаңмын
Ана!

Мамау,
Әлпештеп өсірген,
Қатемді кешірген!
Мамау
Саялап өтемін сені!

Мамау
Ер жетті бұзығың,
Көр енді қызығын.
Мамау
Аялап өтемін сені.

Бесікте тербедің,
Ауырсам емдедің.
Күш берді үміттеніп маған сенгенің.
Сен үшін жасаймын қолымнан келгенін
Ана

Бастағы бақ үшін,
Балалық шақ үшін,
Асыңның дәмі үшін, өмір мәні үшін,
Айтамын өзіңе Мың алғыс бәрі үшін
Ана!