Islamkhan - Сен емес пе


Казахские песни
29-09-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Көздеріме көрінбейсің ғайыптайсың,
Мені күтпей жүзіп кеткен қайықтайсың
Мен бақытқа лайықтымын деуші едің
Онда неге бүгін мені айыптайсың.

Сен емес пе жүрегімді жарық қылған,
Сезімім бе әлде сені жалықтырған,
Сен емес пе өтірікші барып тұрған,
Сезім емес жалғанына қарық қылған.

Көздіріме ұялмай да қарайсың ба,
Махаббат деп қалып кеттім талай сынға,
Мен сезімнен арылдым-ау дегенімде,
Жүрегімді ашқанымды қалайсың ба,

Сен емес пе жүрегімді жарық қылған,
Сезімім бе әлде сені жалықтырған,
Сен емес пе өтірікші барып тұрған,
Сезім емес жалғанына қарық қылған.