Гашыктар дуэти - Сен ушин


Казахские песни
05-02-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Жүзің әппақ жаңа жауған қар ма?
Шиедейін еріндерің бал ма?
Нұрын шашып оятады таң да.
Сенің барыңда.
Айтшы жаным қалағаның бар ма
Алып берем сен қасымнан қалма.
Айналасың ең бақытты жанға.
Менің жанымда.

Барым үшін бағала,
Махаббатпен ғана.
Келбетіме қарама,
Жүрегіме қара.

Өмір кешсем кешсем сен үшін
Жылу төксең,төксең мен үшін.
Берші тек сен, тек сен келісім.
Жаным мен үшін.

Мен тұрғанда берілмеші мұңға.
Не десе де жүрегіңді тыңда.
Төмен қарап жанарыңды жұм да.
Деші маған иә.

Жүрегімді берем саған онда.
Аялай біл жаралаушы болма.
Мен сендікпін қалағаның сол ма?
Дедім саған иә.

Жүрегіммен қаладым.
Сүйдім сені ғана.

Махаббатқа баладың.
Сезіміңді дара.

Өмір кешсем кешсем сен үшін
Жылу төксең,төксең мен үшін.
Берші тек сен, тек сен келісім.
Жаным мен үшін.