Сагдат Булебаев - Дат


Казахские песни
17-04-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Топан су басып жатқан да халық
Тұншығып суға батқан да халық,
Елдің басына күн туған сәтте,
Етігін киіп шапқан да халық.
Көмекке шауып келген де халық,
Сынақты бірге жеңгенде халық,
Баспанасынан айырылған елге,
Бір бөлмесінен бір орын тауып,
Жанашыр болып берген де халық!

Қайырмасы:
Топан су жерді талап келеді,
Сынатын сынақ сағат келеді,
Мұңайма әлі, Құдайға бәрі,
Жауап береді, жауап береді.
Қасқырдай қазақ жортуы бөлек,
Ашынған елдің толқуы кенет,
Сулардан емес, қара халықтың,
Көз жастарынан қорқуы керек.

Өздері жинап орталарында,
Құм салған қапшық арқаларында,
Бабамнан қалған қыруар байлық,
Кетті екен кімнің қалтарында,
Басшылар бәрін жасар деп еді,
Су басты үйін басар денені,
Шатыр үстінде отырған елге,
Қой үстіндегі бозторғай заман,
Қашан келеді, қашан келеді?