Серик Ибрагимов - Сен келдин


Казахские песни
12-06-2024
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Қоңыр күздей сезім кешіп жүрегім.
Махаббатта жалғызсырап жүр едім.
Сен құтқардың осылардың бәрінен,
Білемін жаным білемін.

Кінәсізбіз махаббаттың алдында.
Екі жүрек айналдық бір тағдырға.
Сені жалғыз қалдырмаймын мені де, қалдырма жалғыз қалдырма.

Бояусыз өміріме сен келіп өң бердің
Сен едің қайырмасы мен жазған әндердің
Дауасын жүрегімнің табалмай сенделдім
Қасыма сен келдің мен содан емделдім
Сен маған дем бердің

Жақсы көрдім өзім білмей себебін.
Сенен таптым жан-жарамның керегін.
Өзімнен де артық сүйіп мен саған,
Сенемін саған сенемін.

Көктем ғұмыр алып келдің көңілге.
Сен арқылы құштар болдым өмірге.
Сенің орның жүрегімнің төрінде.
Төрінде жүрек төрінде.