Turar - Мунды олен


Казахские песни
15-02-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Өмір беріп бар елге,
Жылу сыйлап әлемге.
Қадіріңнен айналдым,
Салып көрдім әуенге. Бір сен үшін.

Шығарғанмын түнде мен,
Дәл осындай үн келген,
Сені жақсы көретін,
Мен айтатын мұңды өлең.

Мен сені көп шектедім,
Қадіріңе жетпедім,
Қанша сынақ қылсам да,
Мені тастап кетпедің. 

Бірақ мен, 
Бақытты қылам деп аманат қылып қалағаныммен,
Әрбір сәттерде, әрбір қатерден қорғап сені қала алмадым мен.
Табаладым мен, жаныммен тәнімді, өзімнің сорлы әлсіздігімнен.
Қолымда аялап өтем деп айтып,
Өз қолымменен жараладым мен. 
Сол болмысым соған жеткізген, қарсы ештеңе қыла алмадым да, 
Ең сорақысы көп сәттерде, сол қылмыс үшін сұралмадым да.
Басымнан өткен сынақтар үшін, Жауапсыз қалған сұрақтар үшін,
Еңсеңді сенің құлатқаным үшін, Себепсіз сені жылатқаным үшін, 
Кешір.

Шығарғанмын түнде мен,
Дәл осындай үн келген.
Сені жақсы көретін,
Мен айтатын Мұңды өлең.

Жаза алмаспын әніммен,
Ізі қалды тәніңде
Мен кешірім сұраймын
Жылап тұрып бәріңнен.